Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2 жасар қызынан жұлдыз жасамақ болған Айдананы әріптестері сынап тастады

Жуырда ғана Ерке Есмаханның «Қайда» хитін қосыла шырқаған Айдана Меденованың қызы, қазнетте қызу талқыға түскен болатын. Өнерге құштар бүлдіршін жақын күндері ғаламтор жұлдызына айналса, таң қалмаңыз!

Өйткені, ата-анасы кішкентай ханшайымға арнайы инста-парақша ашып, дүйім жұрттың назарында ұстамақ. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Меденова, қызы Әминаның алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Қазір өзі ерекше көзге түсіп жүр. Слухы да өте жоғары. Дауысы да жақсы сияқты. Қызым әнге, биге құмар. Алдағы күндері өзінің ресми аккаунтын ашуды жоспарлап отырмыз. Бұрын мүлдем кішкентай болғанда, қорқып, тіл-көзден сақтанып, көрсетпейтінбіз. Ал, қазір үлкен болды. Менің ойымша желіге сала беруге болатын сияқты», – дейді жас ана.

Бүгінде Әмина 2 жастан асқан. Кішкентай бүлдіршінге инста-парақша ашу идеясы оқырмандардың қызығушылығынан туындапты. Ал, ата-анасы тұңғыштарының аккаунтына қандай посттар жүктейді дерсіз..?

«Әминаның жеке парақшасында тек қызықты сәттері, ерекше видеолары, әндері мен билерін алып отырамыз. Қазір кішкентай ғой, қылықтарының барлығы қызық біз үшін. Бір жағынан көрермендер де жиі сұрап жатқаннан кейін, көпшілікпен бөліскім келеді», – дейді Айдана Меденова.

Балаларға жеке парақша керек пе?! Дәл осы тақырып аясында Stan.kz тілшісі арнайы сауалнама жүргізіп, жұлдыздардың пікірін біліп көрген болатын. Мәселен, ерлі-зайыпты дуэт Мирас пен Құралайдың төрт перзенті бар. Бірақ өнерлі жанұя балаларына арнап инста-парақша ашуға құлықты емес…

«Біздің өзіміздің ресми жеке парақшамыз бар. Соған өзіміздің басымыз қатып жатады. Біздер мүмкіндік болса, балаларға ұялы телефонды ұстауға көп рұқсат бермейміз. Ал, парақшаның үстінен парақша ашу, уақытты бекер өткізу деп ойлаймыз.

Жақында қызымыз парақша аштым дейді. Соны естіген сәтте-ақ қайтадан жаптырып тастадық. Өйткені, олар үшін сабақ ең бастысы болуы керек. Ал, естелік үшін олардың видео-фотолары біздің парақшамызда да жетіп жатыр», – дейді жұлдызды жұп Мирас пен Құралай.

Сонымен қатар, Серікбол Сайлаубектің де төрт баласы бар. Тойлардың сәніне айналған «Ой жеңгем» хитінің орындаушысы да, кішкентай бүлдіршіндердің әлеуметтік желідегі белсенділігіне қарсылық білдіріп отыр.

«Балаларға парақша ашуға әлі ерте. Өйткені олардың уақыттарын алады. Баланың басын кішкентай кезінен уландырудың қажеті жоқ. Бала кәмелеттік жасқа толғанша ата-ананың қарамағында болады. Кейін өзі шешеді. Бірақ, кішкентай балаға парақша ашу деген нәрсені мен түсіне алмаймын». – дейді әнші Серікбол Сайлаубек.

«Меломен» тобының жігіттері де бүгінде ұл-қыздарды тәрбиелеп отырған бір-бір үйдің отағасы. Бұл жігіттердің пікірінше, қыз бала жұрт назарынан тыс жерде болуы керек дейді.

«Негізі қыз балаға парақша ашқан дұрыс емес. Қыз баланың керек болса, жасын сұрамайды. Сол себепті оны жасыру керек. Біріншіден балалардың жеке парақша ашатындай жасы келген жоқ. Есін білгеннен кейін, өзінің кім екенін біліп, ес кірген кезде ғана ашу керек сияқты. Оған дейін, тәрбие, тәрбие болып қалуы керек», – дейді «Меломен» тобының жігіттері.

Материалды көшіріп басу үшін Stan.kz  сайтының хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Оқи отырыңыз:

Мұқасан Шахзадаев: Біз 26 жыл жүріп алған атақты өнерге енді келгендер алып жатыр (фото, видео)

Елімізге танымал «рэкетир» «Ерен Еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды (фото)

Желіде Баян Есентаеваның отырып алып биге басқан видеосы пайда болды (видео)

Димаш Құдайберген жас әнші Данэлия Төлешова туралы ойын ашық айтты

Талқылау