Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген жас әнші Данэлия Төлешова туралы ойын ашық айтты

Әлемге танымал қазақстандық əнші Димаш Құдайберген Украинада өткен «Голос. Дiти» əн байқауында жеңіске жеткен 11 жасар Данэлия Төлешованы құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz.

Танымал әнші Данэлия Төлешованы Instagram желісіндегі парақшасында құттықтады.

«Алақай! Біздің ханшайым, сұлу қыз, теңдессіз талант иесі жəне жай ғана тəрбиелі қыз Данелёк жеңіске жетті, достар! Барлық жерлестерімді шын жүректен құттықтаймын жəне Данэлияға Қазақстанның Тəуелсіздік күніне жасаған ерекше сыйы үшін алғыс айтамын. Біз сені жақсы көреміз!» – деп жазды Димаш өзінің Инстаграмдағы парақшасында.

 

Естеріңізге сала кетсек, алматылық 11 жасар Данэлия Төлешова Украинада өткен «Голос. Дiти» шоуында жеңіске жетті.

Оқи отырыңыз:

«Музарт life» тобының серісі Серікболсын Кішкенбаев пен актриса Динара Бақтыбаева шаңырақ көтерді (фото)

Қасым-Жомарт Тоқаев Данэлия Төлешованы «Голос. Дiти» байқауындағы жеңісімен құттықтады

Бала күніндегі суретін жариялаған Айқын желі қолданушыларын сүйсіндірді (фото)

«Голос. Дiти»  шоуының жеңімпазы Данелия Төлешованың анасы қызының жоспарлары туралы айтып берді

Талқылау