AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2 проценттік ипотека алатындардың саны артады: Бағдарламаға өзгеріс енгізілді

"Бақытты отбасы" бағдарламасына қатыса алатын адамдардың саны көбейеді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Нәлібаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазіргі кезде кезде Отбасы банкінің "Бақытты отбасы" бағдарламасына үш санатқа кіретін адамдар қатыса алады. Олар – көпбалалы, толық емес және мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар. Алдағы уақытта бағдарламаға тағы екі санат қосылады.

"Қазіргі кезде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту тұжырымдамасы әзірленді. Осы құжат үкіметтің қарауына енгізілді. Сол жерде. Тұжырымдама мақұлданғаннан кейін осы адамдар бағдарламаға қосылады", – деді Нәлібаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

"Отбасы банк" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, ата-анасыз қалған балалар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар әлеуметтік желілер арқылы "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысуға рұқсат беруді сұраған. Осы өтініштердің негізінде министрлікке ұсыныс жасалды.

Айта кетері, "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша 2 проценттік ипотека беріледі. Бастапқы жарнасы – 10%. Кредит мерзімі – 18 жылға дейін. Бірақ қарыз сомасы бойынша шектеулер бар.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау мен Атырауда алынатын ең қымбат баспана құны – 15 миллион. Басқа аймақтарда пәтердің ең жоғары бағасы 10 миллион болады.

Осы ақшаға жаңадан салынған үйден де, ескі үйден де пәтер сатып алуға болады. Жеке тұрғын үй рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған. Екі проценттік ипотека тек мұқтаж адамдарға ғана беріледі. Сондықтан табысқа қатысты талап бар.

Оған сәйкес, соңғы алты айда әрбір отбасы мүшесінің бір айлық табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің (36 018 теңге) 3,1 еселенген шамасынан аспауға тиіс, яғни әрбір мүшесіне келетін табыс 111 655,80 теңгеден артық болмауы шарт. Ал отбасыда алты адам болса, бір айлық табыстың мөлшері 663 934 теңгеден асып кетпеуі керек.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр