Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“2 күнде үйрендім”: Жамбылдық келіншек тракторды қалай меңгергенін айтып берді

Жамбыл облысының Өрнек ауылында тракторшы келіншек тұрады. Гүлдана Пайыз ауыр техниканың тілін 2 күнде меңгеріп алған.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Тракторды тізгіндеп, әлеуметтік желіде жұрт ықыласына бөленген Гүлдана Пайыз қазір жұбайымен ауылдан қашық жердегі ата-енесінің шаруа қожалығында қолғабыс етіп жүр. Ауыр техниканы айдап үйренгеніне 3 ай болыпты. Бүгінде жарына жәрдемдесіп өз алқаптарымен қоса көмек сұраған көрші ауылдың шабындығына да шалғы салып жүр.  

"Тракторды айдау себебім жолдасым өзі үлгере алмады. Қайын інілерім бар еді, олар өздерінің жұмыстары бар, сабақтары бар, сонда кетіп қалды да өзі үлгіре алмаған соң маған үйретіп. Енді көмектес деген ниетпен үйретті. Басында қиын етін қазір үйрендім оңай”, – дейді ол.

Гүлдананың негізгі мамандығы – кондитер. Десе де, колледжде қосымша "ауылшаруашылығын механикаландыру" кәсібін игеріп жүр. Ауыл шаруашылығы мамандарын дайындайтын бұл оқу ордасында, 20-ға жуық бұрымды білім алады.

Пайыз отбасы бірнеше жыл бұрын шаруа қожалық ашқан. Сөйтіп мемлекеттен 2,5 процентпен 3,5 миллион теңге жеңілдетілген несие алды. Сол қаражатқа 60 бас қой алып, бүгінде мал басын көбейтіп отыр. 

 

Талқылау