Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"1 литр қымыз іштім": Мақпал Жүнісова өзін жек көретіндерге үндеу жасап, ел алдында сырын ақтарды

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова таңғы сағат 05.00 шамасында жеке парақшасында видео жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Желі қолданушылары өнер иесінің ішімдік ішкенін жарыса жазып жатыр. 

“Құрметті мені жақсы көретін жандар! Жек көретін жандарға да сәлем беріп қояйын. Жалпы, мен өмірге разымын. Әрбір күнім үшін Аллаға шүкір. Мені даттасаңыздар да, жамандасаңыздар да өздерің біліңдер. Шөптің басы бекер қимылдамайды. “Өмір деген қызық қой, қызық жерін сызып қой. Анда-санда бұзып қой” дейді. Бұзатын кездерім болады. Бірақ сіздер мені кешіресіздер. Мен мас емеспін. 1 литр қымыз ғана іштім. Мен де адам баласымын. Үйімнің құрылысы бітпей жатыр. Соған ашуланып қаламын. Жалғыз өзім жүрген қатын емеспін ба?”, – деп мұңын шақты өнер иесі. 



Әншінің оқырмандары халық әртісін қолдап, оған түрлі жылы сөздерін жазып жатыр. 

“Дұшпан көп кезде мынадай түрмен шыққаныңыз болмады”, “Өшіріп тастаңызшы видеоны”, “Сізді жақсы түсінеміз. Ішкі көңіл-күйіңізді айтып жатырсыз”, “Мақпал – аңыз адам”, “Біздің сүйікті әншіміз”, “Немере мен шөберенің қызығын көріңіз”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Көп ұзамай өнер иесі жүктеген видеосын жеке парақшасынан өшіріп тастады. 

 

Талқылау