Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемнің қай елдерінде құдайға тіл тигізгендер жазаланады?

Құдайға тіл тигізу қылмыстық іс саналатын әлемде 59 ел бар екен. Бұлардың қатарында 13 елде аталған қылмыс бойынша өлім жазасына кесіледі.

Бұл туралы islam.kz хабарлайды.

Атап айтқанда, Ауғанстан, Иран, Малайзия, Нигерия, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Сомали, Судан, Біріккен Араб Әмірлігі, Йемен, Катар және Мальдива. Десе де аталған қылмыс бойынша жазаланғандар қарасы сирек, яғни, мұндай қылмыс бойынша жазалау тәжірибеде сирек қолданылады.

Бұлай дейтін себебіміз, әдетте құдайға тіл тигізгендерге өлім жазасы қолданылатын елдердің заңнамасында жазаны жеңілдету жағы да қарастырылған.

Мәселен, Иранның Қылмыстық кодексінің 264 бабында пайғамбарларға немесе ислам дінін қаралайтын сөздер ашу үстінде айтылған болса, я болмаса өзге біреудің айтқанын келтірген болса немесе айыпты адам оны байқамай қателікпен айтып қойғаны белгілі болса, яғни, дәлелденсе, онда өлім жазасы 74 мәрте дүре соғу жазасымен алмастырылатыны айтылған.

Көбіне діннен шыққандарды немесе құдайға тіл тигізгендерді жазалау өзгелерге сабақ болсын, ғибрат алсын деген «көрнекі» мақсатта қолданылады және құдайға тіл тигізуді қылмысқа жатқызып, сол үшін жаза қолдану әлем қауымдастығының наразылығына ұшырап жатады. Ондай жазаға ұшырағандарға батыс елдері ара түсіп, саяси пана беріп жататыны да бар.

Gallup International ұйымының 2012 жылы жүргізген сауалнама нәтижесіне қарағанда, саудиялықтардың 5 пайызы өздерін атеист санаған. Ал Pew Research Center орталығының арнайы жүргізген зерттеу нәтижесіне қарағанда, бұл көрсеткіш 0,7%-дан аспайды.

Оқи отырыңыз:

Австрияда бетперде мен паранжа киюге тыйым салынды

Шымкентте полицейден таяқ жеген қыздың өзіне қылмыстық іс қозғалды

Атырауда оқушы қызды зорлап өлтірген педофил ұзақ мерзімге сотталды

Түркияда жол апатынан зардап шеккендерге әлі санавиация жіберілмеген болып шықты

Талқылау