"19 жылдан бері көрмедім": "Рэкетир" фильмінің жұлдыздарының кездесуі көпшілікті тәнті етті
Фото: Видеодан скриншот
"Рэкетир" фильмінің актерлері Әсел Сағатова мен Саят Исембаев бірге ел алдына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
TikTok желісінде қызық видеолар жариялау үшін қайта кездесіп, желі қолданушыларының сүйіспеншілігіне бөленді.
"Әсел, бұл сен бе? Мен сені 19 жылдан бері көрмедім. Ұлды болғанымызды білесің бе? Қазір ол өсті. Осы маңайда бір жерде қыдырып жүр, оның аты Сануржан", – дейді Исембаев видеода.
Олардың әзілін желі қолданушылары жылы қабылдады. Осындай видеолар Саят Исембаевтың парақшасында да жарияланды.
"Қандай әдемі жұп”, “Саян – бала күніміздегі краш”, “Әсел сондай сұлу, сондай сүйкімді", "Жақсы әртістер, рахмет", "Екі үздік актер кездесті", “Рэкетирді” қайталап көргендер біргеміз”– деп жазды желі қолданушылары.
@assel_sagatova Тизер к четверной части🤪 (шучу✋)
♬ оригинальный звук - Assel Sagatova
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”