19 жастағы жігіт желіге жазған пікірі үшін 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды
Өзбекстанда 19 жастағы жігіт Instagram желісінде президент Шавкат Мирзиеевтің атына жазған дөрекі пікірі үшін 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі gazeta.uz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Үкімді Самарқанд облысының Қаттақорған аудандық қылмыстық істер жөніндегі соты шығарған. Анықталғандай желі қолданушысы президенттің отбасы туралы жазбаның астына жеке басын қорлайтын жазба қалдырған.
Сот сараптамасы басылымда президентті "қорлап, беделін түсіруге" қатысқан әрекеттерді анықтады.
Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, достарының кеңесінен кейін өз пікірін өшіріп тастағанын айтты. Арада біраз уақыт өткен соң оның үстінен қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.
"Жігіт Шавкат Мирзиеев жүргізіп отырған саясатқа қарсы емес екенін, тек жастығы мен түсінбегеніне байланысты президентті қорлайтын сөздер жазғанын айтты", - делінген сот шешімінде.
Нәтижесінде ол кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"