19 жастағы жігіт Ертіс өзеніне секіріп кетті
Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары суицидтің алдын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2023 жылғы 20 тамызда Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушыларына шамамен 19 жастағы жігіттің Ертіс өзеніндегі автожол көпірінен секірмек болғаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына жедел түрде Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының бөлімшесі жіберілді.
Санаулы минутта қайықпен жеткен құтқарушылар көпірде полиция қызметкерлерінің райынан қайтармақшы болып тұрған кезде кенеттен суға секіріп кеткенін көрді.
Төтенше жағдайлар қызметкерлері оған құтқару шеңберін лақтырды, алайда жігіт оған қарамады, сол кезде олар қайықпен жанына келіп, судан алып шықты. Жағалауға жеткізген соң жедел жәрдем дәрігерлері алып кеткен.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді