Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

19 жастағы қазақстандық жұмысшының жазған трегі әлемдік чарттарда үздіктердің қатарына енді (видео)

Павлодарлық студент Иманбек Зейкенов америкалық рэп әншісі Карлос Сент-Джонның әнінің ремикс нұсқасын жазған. Аталған ән 4 аптадан бері әлемдік чарттардың үздік ондығынан көрінуде.

19 жастағы қазақстандық жұмысшының жазған трегі әлемдік чарттарда үздіктердің қатарына енді (видео)

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Рavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Зейкеновтың трегі Apple Music-тің үздік ондығына енді. Ал Shazam музыкалық қосымшасында 6,5 миллионнан аса қаралым жинаған. Сондай-ақ, Яндекс-музыка чартында 5-орынға ілігіп, Spotify-та 4 миллионнан аса тыңдалып, рэп әншісі Saint Jhn-нің YouTube-арнасында миллионнан аса қаралған. 

Иманбек Зейкенов – Павлодардағы көлік және коммуникация колледжінің 4-курс студенті. Ол Ақсу қаласында дүниеге келген. Жігіттің муызкалық білімі жоқ. Алайда музыканы жүрегімен сезінетінін айтады. 

«5 ай бұрын темір жол станциясына сигналшы болып жұмысқа орналастым. Бұл жұмыс трек жазумен үйлеспейді. Алайда мен музыкамен айналысқаннан үлкен ләззат аламын. Saint JHN әніне жазған трек  – екі сағаттық тәжірибемнің нәтижесі. Ол мұншама сәтті болады деп ойламадым. Содан бастап Saint JHN лейблімен серіктестігім басталды. Күндердің күнінде Карлос Сент-Джонмен танысамын деп үміттенемін», - дейді жас жігіт. 

Жас музыкантқа Lithuania HQ Records және ресейлік Effective Records музыкалық компаниялары алғашқылардың бірі болып серіктестікті ұсынған. Иманбек Зейкенов ресейлік компаниямен ортақ жұмыс туралы келіскен. 

«Effective Records лейблін бұрыннан білемін. Сондықтан оларға сендім. Әр жаңа тректі жазған сайын тағы жаңа туынды жазуға деген әуестік пайда болады. ... Кейде әуен миымда аяқ астынан пайда болады. Осылайша, импровизация басталады. Достарымның кеңесіне құлақ асамын», - дейді Иманбек Зейкенов.

 Әннің түпнұсқасын және ремиксті  тыңдай отырып, қазақстандық жігіттің өнеріне тәнті болмау оңай емес. Әннің екі нұсқасын тыңдап, әділ баға беріңіз. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Саясаткерлердің алдында сөйлеген Назарбаев аяқ астынан сөзін бөлді

Отырыс кезінде әлдененің қатты даусы шығып, қатысушылардың назары соған ауды

Ақмола облысында ер адам жүйткіп келе жатқан пойыздан секіріп түсіп, үйді тонап кеткен

Ол жолында кездескен үйге кіріп, өзін отағасының досымын деп таныстырған

Елордада трактор мен жолаушылар автобусы соқтығысты (видео)

Апат салдарынан 7 адам ауруханаға жеткізілді

Ақтөбе облысында 29 жастағы актер театр басшысы болып тағайындалды

Олжас Ыбыраев Тахауи Ахтанов атындағы драма тетрының директоры міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды

Алматы облысында сынып жетіспеген соң, мектеп директоры өз кабинетін босатып дәлізде отыр

Мектеп теп 4 сыныпқа дейін оқытатын көрінеді

Назарбаев Украина мен Ресей президентін Қазақстанда жеке кездесуге шақырды

Елбасы: Путин бұл кездесуді қаламайды деу қате

Бағдаршам туралы қызықты деректер

Әлемдегі ең алғашқы бағдаршам осыдан тура 105 жыл бұрын АҚШ-тың Кливленд қаласында орнатылған

Ондай да болады: Назарбаев отставкадан кейін президенттікке қайта оралғандар туралы айтты

Елбасы бос уақытында майлы бояумен пейзаж салғанды жақсы көреді

Алматы облысында бесінші баласын босанып, аяқ астынан қайтыс болған келіншектің өліміне ақ халаттылар кінәлі екендігі дәлелденді

Келіншектің сәбиі туыла сала анасынан жетім қалды

Режиссер Рүстем Әбдірашевтің кенже ұлы оқыс жағдайда көз жұмды

Оқиға туралы мәліметтер нақтылануда
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр