БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

19 жастағы қазақ қызы пәктігін 2 миллион теңгеге саудаға шығарды

19 жастағы Айнұр Жәнібекова пәктігін саудаға шығарды. Бойжеткен "қыздық пердесін" 2 миллион теңгеге бағалап отыр. Тапқан табысына ол оқуының ақысын төлеп, жеке бизнесін ашпақ. 

19 жастағы қазақ қызы пәктігін 2 миллион теңгеге саудаға шығарды
Бұл туралы Stan.kz 7-арнаның "Өз ойым" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сөзіне қарағанда, бүгінде бұл ұсынысқа сұраныс бар. Әлеуметтік желіде хабарлама қалдырғаннан кейін, аз уақыт ішінде Айнұрға 60-қа жуық ер азамат хат жазған. Әзірге бойжеткен ешбірімен келісімге келмеген.

"Менің құрбым қыздығын 2 миллион теңгеге сатты. Маған айтқаннан кейін, екеуміз араласпай кеттік. Сатты, одан кейін тіктіріп алды. Қалған ақша қалтасында қалды. Басқа қыздарға айтқаннан кейін, қызығып қалды. Мен де ойланып қалдым. Қазіргі заманда қыздықты маңызды деп көрмеймін", - дейді Айнұр.

Айнұр мұндай қадамға қаржылық қиындықтарын шешу үшін барып отырғанын жасырмайды. 

"Кішкентай кезімнен қиыншылықты көп көрдім. Анам қиналды. Оқуға түсе алмадым. Қазір тыпыршып оқуымның ақысын төлеп жатыр. Мен де анама көмектесу үшін жұмыс істеп көрдім. Бірақ ол ақша бәрібір жетпейді. Бірдеңе істеуім керек", - дейді Айнұр Жәнібекова. 

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр