Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамыр мерекелеріне орай Қазақстанда пойыздардағы орын саны артады

ҚТЖ қосымша вагон
Фото: ҚТЖ

Қазақстанда 7 және 9 мамыр мерекелік демалыстарына орай Ұлттық тасымалдаушы пойыздарда қосымша 16 мыңнан астам орын қосады. Бұл туралы Stan.kz апарат агенттігі хабарлайды.

"Қазақстан темір жолы” ҰҚ АҚ ең танымал бағыттар бойынша 6-11 мамыр аралығында 175 қосымша тіркемелі вагон іске қосады. Осылайша, пойыздардағы орын саны 16 мыңға артады.

"Мерекелік күндері Астана, Алматы, Павлодар, Түркістан, Атырау, Пресногорьковская, Семей, Петропавл, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Казалы, Саратов, Жезқазған, Сарыағаш, Новосибирск, Өскемен, Қарағанды, Балқаш бағыттары бойынша қосымша орындар ұсынылады", – деп нақтылады компания.

Бұл шаралар қарбалас мереке күндері билет тапшы болмас үшін жасалып отыр.

Бұған дейін ҚТЖ тасымалдауды жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесін енгізетінін хабарлаған еді. 30-дан астам жылжымалы құрам иесі жаңа жүйеге қосылған. Бұл тасымалдау көлемін әдейі асыра бағалауды және қайталанатын өтінімдерді беруді болдырмауға мүмкіндік береді. Мәселен, соңғы үш жылдың тасымал серпіні көрсеткендей, жүк жөнелтушілер 2023 жылдан бастап 202,5 млн тоннаға жуық жүк мәлімдеген, оның ішінде жүк жөнелтушілер іс жүзінде 88 млн тоннаға жуық жүк тасымалдаған, бұл ретте ҚТЖ 118 млн тоннаға келісім берген.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 04 Мамыр, 2026 15:28