“Алматы аруы-2017” атағын жеңіп алған сұлу жайлы не білеміз (фото)
Алматының ең сұлу аруы анықталды. Ол – 17 жастағы студент Сәбина Әзімбаева, деп жазады Stan.kz.
Бұл туралы «Қазақстан аруы» байқауының ресми парақшасында жария етілді.
Сәбина – Алматыдағы «Тұран» колледжінің үшінші курс студенті. Бойжеткеннің мамандығы аудармашы.
Ол бос уақытында спортпен, бимен айналысады. Әсіресе, боксты жаны сүйеді. Өзі Геннадий Головкиннің адал жанкүйері.
Қазақстан аруы парақшасында келтірілген мәліметке сүйенсек, Сәбина өз Отанының нағыз патриоты. Оның, әсіресе, өзінің туған қаласы Алматыға деген махаббаты ерекше.
Сәбина Әзімбаева Қазақстан атынан «Ғаламшар аруы 2017» байқауына қатысуға мүмкіндік алды.
Суреттер Сәбинаның Вконтакте желісіндегі парақшасынан алынды
Жіберіп алмаңыз:
Баян Есентаева инстапарақшасын екі жылдан бері үзбей оқып жүрген оқушы қызбен кездесті
Жұлдызды төрттік: Ләйлә Сұлтанқызы әншілермен бірге қыз ұзатты (видео)
Сиви Махмуди отандық телехикаяда басты рөлді сомдамақ (фото)