"164 миллион теңге шығын келді": Алматыда жүк көліктерді заңсыз тіркеген ХҚКО қызметкерлері ұсталды

Алматыда арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығының бес қызметкері жүк көліктерін жалған құжаттармен заңсыз тіркеп, мемлекетке 164 миллион теңге шығын келтіргені үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Арнайы прокурорлар Алматы қаласының Арнайы ХҚКО қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
Тергеуден соң 2023 жылы Арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығының 5 қызметкері 18 жүк көлігін жалған құжаттар бойынша заңсыз тіркеп, олардың нақты шығарылған жылын бұрмалағаны анықталды.
"Құқыққа қарсы әрекеттердің соң көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін алым ретінде көзделген 164 миллион теңге мемлекеттік бюджетке толық түспеді. Кешенді жүргізілген тергеу әрекеттері мен сот сараптамаларының нәтижесі айыпталушылардың құқыққа қарсы әрекеттерін толығымен растады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке келтірілген шығын толық көлемде өтелді", –делінген хабарламада.
Соттың үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айыруға сотталған.
- Парамен берілген жүргізуші куәліктері: Қазақстанда ХҚКО-дағы 100 миллион теңгеден асатын заңсыздықтар ашылды
-
Жүргізуші куәлігін сатып 100 миллион теңге пайда тапқан: ХҚКО басшысының орынбасары ұсталды
Еске салайық, бұған дейін Талдықорғанда бірнеше жыл бойы жүк көліктерін заңсыз тіркеген ұйымдасқан топ әшкереленді. Тергеу барысында 1385 көлік жалған құжаттармен тіркеліп, мемлекетке 9 млрд теңгеден астам шығын келгені анықталды. Сот шешімімен 21 адам кінәлі деп танылды.
"Көзқарастары ескі": Қазақстан мұғалімдерінің қартаюы білім жүйесін әлсіретіп отыр ма?