"16 жасында ислам дінін қабылдады": Луина күйеуінің қай ұлттан екенін айтты
Әнші Луина күйеуі Артем Обуховтың ұлты мен дініне қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Артем мен Луина отау құрғанда мұсылманша неке қидырды. Мұны байқаған оқырмандар жігіттің діни ұстанымын сұрады.
"Куәлігі бойынша ұлты – орыс. 16 жасында ислам дінін қабылдады. Ол радикал емес, бірақ болашақта намазға тұруы мүмкін деп ойлаймын", – деп ағынан жарылды ол.

Бұдан өзге, Луина өзін тәрбиелеп өсірген нағашы әжесін көрсетті. Әнші анасы із-түссіз жоғалып кеткеннен кейін, ата-әжесінің қолында өскен.
"Менің әжем Маиза. Ол анамның анасы", – деп жазды ол.

Әнші өмірдегі ең асыл арманымен бөлісті.
"Әлемді бағындыру", – деп ағынан жарылды Луина.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық