Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

16 млн қазақстандықтың жеке дерегі Darknet-те сатылып кетуі ықтимал – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

хаккер даркнет
Фото: Pixabay.com

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев Қазақстанның 16 миллион азаматының жеке деректері интернеттің жабық сегменті Darknet арқылы сатылған болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Досжан Мұсалиевтың айтуынша, 16 миллион азаматтың мәліметтері бір күнде жиналмаған. База бірнеше жыл, тіпті ондаған жыл бойы әртүрлі көздерден жинақталған болуы ықтимал. Вице-министрдің болжамынша, мұндай көлемдегі деректер базасы Darknet-те сатылып, коллекторлық агенттік оны сол жерден сатып алуы мүмкін.

Биыл маусым айында Жетісу облысында 16 миллионға жуық қазақстандықтың жеке деректері сақталған база тәркіленді. Тергеу мәліметінше, коллекторлық агенттік қызметкерлері азаматтардың ЖСН-і, телефон нөмірлері мен тұрғылықты мекенжайлары туралы ақпаратты заңсыз пайдаланған.

Қазір бұл іс бойынша Ішкі істер министрлігі, прокуратура және Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеу жүргізіп жатыр.

Еске салайық, 2025 жылдың жазында да 16 миллион қазақстандықтың жеке деректері интернетке тарап кеткен еді. Сол кезде министрлік бұған хакерлік шабуыл емес, деректер базасына заңды қолжетімділігі бар тұлғалардың оны заңсыз пайдалануы себеп болуы мүмкін екенін хабарлаған. Тексеру нәтижесінде мәліметтердің басым бөлігі 2022 жылы-ақ қолды болғаны анықталған.

Кейін, биылғы сәуір айында Қазақстанда азаматтардың жеке деректерін заңсыз жинау және сату фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқаны белгілі болды.

Айым Атамбаева
Сейсенбі, 21 Шілде, 2026 14:56