Даркнетте 4,2 миллион қазақстандықтың жеке деректері тарады: Компания ақпаратты жоққа шығарды

Daryn.online білім беру платформасы әлеуметтік желілерде тараған 4,2 миллион пайдаланушының деректері жаңа ғана тарап кетті деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Компания өкілдерінің мұның жаңа тіркелген жағдай емес екенін айтты.
“Бұл жаңа жағдай емес. Ол ақпарат алғаш рет 2025 жылдың желтоқсанында жарияланған. Осыдан кейін Daryn.online ақпараттық жүйелеріне уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша пайдаланушылардың жеке деректерінің таралғаны расталмады", – деп хабарлады Daryn.online.
Компания өкілдері қазір интернетте тарап жатқан мәліметтердің бұған дейін тексерілген ескі ақпаратқа негізделгенін және шындыққа жанаспайтынын
Сондай-ақ пайдаланушыларды тек Daryn.online платформасының ресми парақшаларында жарияланған ақпаратқа ғана сенуге шақырды.
ОқыңызЕске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Daryn.online платформасының 4,2 миллион қолданушысының деректері Даркнетке тарап кетуі мүмкін деген ақпарат тараған еді.
Хабарламада киберқауіпсіздікпен айналысатын ThreatMon сарапшылары білім беру платформасының деректер базасы сатылып жатқаны туралы хабарландыруды анықтағаны айтылған. Онда болжам бойынша ЖСН, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайлары, оқу үлгерімі туралы мәліметтер, сондай-ақ оқушылардың, мұғалімдер мен әкімшілердің IP-мекенжайлары болуы мүмкін екені көрсетілген.
Осы ақпарат жарияланғаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органдар тексеру бастады. Daryn.online мәліметінше, тексеру нәтижесінде пайдаланушылардың жеке деректерінің таралғаны расталмаған.
Daryn.online – Қазақстандағы ең танымал онлайн білім беру платформаларының бірі. Онда ҰБТ-ға дайындық тестілері, Назарбаев Зияткерлік мектептеріне түсу емтихандарына арналған материалдар және жеке дамуға бағытталған 500-ден астам курс қолжетімді.
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр