Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"-15°С-қа дейінгі аяз": Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет Қазақстан бойынша алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандар ел аймақтарында жауын-шашын біртіндеп тоқтап, температураның төмендеуі күтілетінін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктер кезең басында терең атлантикалық циклон Қазақстан аумағы арқылы өтеді деп болжады. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында және шығысында жауын-шашын, қар аралас жаңбыр болады. Шығыста қатты жауын-шашын, көктайғақ болып, жел күшейеді деп болжанады. Алайда 4 қарашада циклоннан кейін батыстан антициклон келеді. Сондықтан түстен кейін жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы және температураның төмендеуі күтіледі. 

Ауа температурасы түнде еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында 3 градустан, -15 градусқа аяз, күндіз 3 градустан -8 градусқа дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнгі уақытта 2 градустан - 5 градусқа дейін, таулы аймақтарда 5 градустан -10 градусқа дейін аяз, күндіз 5-тен -15 градусқа дейін төмендейді.

Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп күтіледі. 

Талқылау