Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

157 адамы бар ұшақ Эфиопияның орталығында апатқа ұшырады

Жексенбіде Найробидағы Боле халықаралық әуежайынан шыққан ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақта 157 адам болды. Бұл туралы Ethiopian Airlines әуекомпаниясының Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды.

157 адамы бар ұшақ апатқа ұшырады

Адис-Абебадан Кения астанасы Найробиге ұшып бара жатқан Ethiopian Airlines компаниясының ұшағы жексенбі күні таңертең апатқа ұшырады. Бортта 149 адам және экипаждың сегіз мүшесі болған. "Боинг 737" әуелайнерымен байланыс оның көкке көтерілгеніне алты минут болғанда үзіліп кетті. 

Апат жайлы Рейтерге эфиопиялық әуекомпаниясы хабарлады."Апаттың таңертеңгі уақытпен 8:44-те болғаны расталды", — дейді әуекомпания. 

Әуекомпания "Фейсбук" желісіндегі парақшасында мәлімдеме жариялады. Мәлімдемеден Эфиопияның астанасынан Кенияның астанасына ET 302/10 рейсімен ұшқан ұшақтың Дэбрэ-Зэйт қаласының маңында, Эфиопияның орталық бөлігінде қирағаны белгілі болды.

"Boeing 737-800 MAX маркасының ұшағы жергілікті уақыт бойынша 08:38-де Найробидағы  Боле халықаралық әуежайынан ұшып кеткен. Ұшақтың тіркеулі нөмірі — ET-AVJ",— деп жазылды мәлімдемеде. 

Апаттың құрбандары жайлы әзірге ақпарат жоқ. Бірақ Эфиопияның премьер-министрі Абий Ахмед Али "Твитер" желісіндегі парақшасында қаза тапқандардың жанұясына көңіл айтты.

Талқылау