Қазақстанда орташа жалақы 157 мың теңгеден асады. Мұндай сандар қайдан шықты?
Еліміздегі Статистика жөніндегі комитет өкілдері қазақстандықтардың орташа жалақысы 157 мың теңгеден асатынын мәлімдеді. Статистикадағы мәліметтер еліміздің тұрғындарының табысы артып, жұмыссыздық саны азайғанын да көрсетіп отыр. Алайда көпшілік мұндай көрсеткішке сенер емес.
Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Статистика жөніндегі комитеттің жаңа есебі бойынша, биылғы көктемде қазақстандықтардың орташа жалақысы 157 930 теңгені көрсеткен. Ел тұрғындарының табысы 10 пайызға артса, мемлекеттегі жұмыссыз тұрғындар саны небары 134 мың екен.
Экономист Айдар Әлибаевтың айтуынша, есеп жүргізу үшін салалар бойына орташа көрсеткіш алынады екен. Көрсеткіштегі сандардың мұншалықты «көп болуының» да себебі осы болса керек.
«Шынын айтсақ, мұндағы цифрлар аздау болады. Қандай да бір шенеуніктер зардабын көреді деген болжамдар жасалуы мүмкін. Мұндайға жол бермес үшін, олар «жақсы сандарды» көрсетеді. Еліміздегі орташа жалақы 70-80 мың теңге деңгейінде», – дейді «Финпотребсоюз» АҚ төрағасы Айдар Әлібаев.
Ал Статистика жөніндегі комитеттегілердің пікірі бөлек. Олардың мәліметінше, ақпан айында қаржы және кепілдендіру салаларының қызметкерлері көбірек табыс тапқан. Олардың табысы айына 316 мың теңгені көрсетеді. Ал ғылым және техникалық салаларда қызмет етіп жүргендер айына 303 мың теңге жалақы алады екен. Көрсеткіш бойынша ең төменгі жалақыны алатын – білім беру (101 мың) және ауыл шаруашылық (96 мың) салаларының қызметкерлері.
Ал ел тұрғындарының сөзінше, ай мұншалықты табыс табуға қуанбаса, мұңаймайтыны анық. Алайда олардың шынайы табысы мүлдем басқаша.
«Біздің өңірде жалақы мөлшері төмен. Шамамен 30 мың теңге дер едім. 40 мың теңгеге жетпеуі де мүмкін», – дейді Шымкент тұрғыны.
«Орташа жалақы мөлшері қала бойынша шамамен 40-50 мың теңге шығар», – дейді ақтөбелік тұрған.
«Шынында адамдардың жалақысы 50 мың теңгеден 80 мың теңгеге дейін. Бұл шындық. 80 теңгелік жолақысымен қоса, азық-түлік бағасына бәрі шағымданады. Коммуналдық төлемнің өзі қаншама ақша», – дейді Қарағанды тұрғыны.
Оқи отырыңыз:
Сарапшы: Мұнай бағасы 100 долларға қымбаттауы мүмкін
Елімізде күтпеген жерден бензин арзандады
Теңгенің құлдырап доллардың қымбаттауына байланысты ұшақ билетінің бағасы көтеріліп кетті