Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

15 жылға сотталды: Ақтауда әкесі бірінші некесінен туған ұлын өлтірген екінші әйеліне қатысты сот үкіміне наразы

Асырауынды кәмелетке толмаған 4 баласы бар Тұрсынай Сәрсенованың қолына тура сот залында кісен салынды, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Ал үкіммен толық келісетінін айтқан марқұмның туған анасы мен оның бұрынғы қайын жұрты сот ғимаратының маңында жаға жыртыса жаздады.

Естеріңізге салсақ, қайғылы оқиға биыл қаңтарда болған еді. 35 жастағы Тұрсынай Сәрсенова күйеуінің бірінші некеден туған 16 жастағы ұлы Нұрсұлтанмен тіл табыса алмапты. Кезекті ұрыс кезінде әйел жасөспірімнің денесіне 20 жерден пышақ салып өлтірген. Бір айға созылған іске нүкте қойған судья келіншекті 15 жылға бас бостандығынан айырды. Оған марқұмның туған анасы қанағаттанғанымен, Нұрсұлтанның  әкесі келіншегінің жазасын жеңілдетуді сұрап отыр.

“Қарсымын соттың шешіміне, қайта қарау керек. Енді өлетін бала өліп кетті, тірі адам тірлігін көру керек. 4 баланы далаға тастаймын ба, жетім қыламын ба? Әділдік керек маған. Қайта апелляция жасатамын”, – дейді Нұрсұлтанның әкесі Қайрат Асанов.

Тағы да оқыңыз:

Шаханов: Бізде әр ұрының кем дегенде 2-3 медалі бар, солардың қатарында болмайын деп атақтан бас тарттым

Ақтөбе облысында бес баланың әкесі үстіне бензин құйып өзін өртеп жіберді

Шымкентте 7-сынып оқушысы бала босанды 

Талқылау