"1,5 жыл шыдайсыз": Әсел Сәдуақасова денсаулығындағы ақау жайлы айтты
Актриса, кинопродюсер Әсел Сәдуақасова соңғы уақытта психология, тұлғалық даму, ағзаға зиянсыз арықтау сынды тақырыптарды жиі қозғап жүр. 12 келі салмақтан арылған киножұлдыз өмірінің түбегейлі өзгергенін айтады. Бүгінде таңы 5:00-де басталатын Әселден өзгерістің құпиясын сұраушылар да жетерлік. Сәдуақасова шындығын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

"Өте көп жұмыс істедім, шыны керек, қолымнан келді. Қатарынан фильмдерге түсіп, елдің алдында әнімді айтып жүрдім. Бірақ күннен күнге өзімді нашар сезіне бердім.
Ұйқы бұзылды, тіпті мүлдем ұйықтауды қойдым десем де болады. Етеккірім де уақытылы келмейтін болды", – дейді Әсел.
Нәтижесінде, күйзелістің салдарынан актриса 12 келі салмақ қосып алған. Ештеңеге зауқы қалмаған Әсел, тіпті айнаға қараудан қалғанын айтады.
"Барлығын дәрігердің "мұндай режимде әрі кетсе бір жарым жыл шыдайсыз" деген сөзі өзгертті", – деді Сәдуақасова.
Актриса хикаяның жалғасын келесі жолы жазуға уәде берді.
Мұнай бағасы 200 доллар болған жағдайда Қазақстан экономикасына не болады
Мұндай шектен тыс қымбатшылық өз-өзін жоятын механизмді іске қосады дейді сарапшы
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойлаймыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"