Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қалағанымды жеймін": Әсел Сәдуақасова қалай 9 келіге арықтағанын айтты

Әсел Сәдуақасова арықтауының құпиясымен бөлісті. 9 келі салмақ тастаған ол ең маңызды деген 5 ережені атады, деп хабарлайды Stan.kz.

Кино жұлдыздың айтуынша, біріншісі - ниет. 

"Ниетіңіз берік болсын. Маған бұның қажет болғаны соншалықты, БАРЛЫҒЫН шетке ысырып қойдым. Өзімді, өзгерісті бірінші орынға қойдым және менің қолымнан келді", – дейді Әсел. 

Актрисаның айтуынша, екіншісі тәртіп. Жүйелі түрде жұмыс жасау түбінде нәтижеге әкелетінін жеткізді.

Ал үшінші маңызды талап-  ұйқының дұрыстығы. 



"Мына тізімдегінің ең маңыздысы осы. Тіпті, спорт, тамақтану мен су балансынан ұйқы алдыңғы орында. 22:00-06:00 аралығындағы дұрыс ұйқы. Қаншада оянатыныңызды өзіңіз шешесіз, алайда ұйқыға жатар уақыт 23:00-ден аспасын. 

Тек осы уақытта біздің гормондар қалыпқа келеді. Ал гормондар біздің барымыз. Ол – сұлулық, жастық, денсаулық. 

52 жасыңызда Jlo сияқты болғыңыз келе ме? Мен қалаймын, сондықтан уақытылы ұйықтаймын, ал айналада не болып жатқаны мен үшін маңызсыз. Ұйқы бәрінен қымбат", – деп түсіндірді Сәдуақасова.

Төртінші ереже – су ішу. Әсіресе аш қарынға жылы су ішкен пайдалы дейді ол. Ал соңғы талап – күнделікті жаяу жүру. 

"Күніне кемі 10 000 қадам. Мен шамамен 15 000, кейде одан көбірек жүремін. Мұнда бастысы тұрақтылық. Жаңбыр болсын, қар болсын, күніге жаяу жүріңіз. Бұл нағыз кайф. Әңгіме айтып, музыка, аудиокітап тыңдауға болады. Немесе жай ғана тыныштықта серуендесеңіз, сіз үшін ең мықты терапия сол. 

Тыныштықта өз ойыңызға, ішкі даусыңызға құлақ салыңыз. 
Осыдан бастаңыз, кейін келесі пункттерге өтеміз. Ал дұрыс тамақтануға келсек, мен оған енді келдім. Түсініп тұрсыз ба? Алғашқы маңызды 5 ережеге тамақ кірмейді. 

Өйткені мен әзірге қалағанымды жеймін. Бірақ тамақты көптен жемеймін, балмұздақ жақсы көретінім тағы бар. 

Осы 5 пункт алғашқы кезең үшін маңызды болып шықты. 9 келіге арықтадым. Құдайға шүкір, жеңіл әрі қарапайым, бастысы пайдалы және тегін", – деп түйіндеді сөзін Әсел. 

Талқылау