15 жастағы бала компьютер ойындарына тыйым салған анасын балтамен шауып өлтірді
Ресейдің Мәскеу облысында 15 жастағы мектеп оқушысы анасын балтамен ұрып өлтірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Freepik.com
Сергиев Посад маңындағы Красная Сторожка ауылында 15 жастағы балаға анасы ұрысқан. Ол жасөпірімнің планшеті мен телефонын алып, компьютерде ойнауға тыйым салған екен. Өйткені жасөспірім сабаққа бармаған.
Кезекті жанжалдан кейін мектеп оқушысы анасының жатын бөлмесіне келіп, оның басынан балтамен бірнеше рет ұрған. Әйел оқиға орнында мерт болды.
Облыстық тергеу комитетінің мәліметінше, жасөспірімнің өзі полицияға мойындаған.
"Қазір тергеушілер онымен жұмыс істеп жатыр, кәмелетке толмаған баланың қылмысқа қатысы, басқа да объективті айғақтары алынды, барлық мән-жайлар мен себептер анықталып жатыр", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін 13 жасар оқушы қыз екі сіңлісін аяусыз өлтірген еді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған