1,5 жасқа дейін: Еңбек министрі бала күтіміне байланысты төлемге кімдер ілігетінін түсіндірді
Биыл бала күтіміне байланысты төлемдер келесі жылдың қаңтарынан бастап 1,5 жасқа дейін төленеді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеу мерзімін ұзарту заң қабылданғаннан кейін, 2023 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Сол себепті бір жасқа толмаған барлық бала келесі жылға өтеді. Оларға төлем бір жарым жасқа дейін төленеді. Ал биыл бір жасқа толған балаларға бұл норманың қатысы жоқ", - деп түсіндірді Дүйсенова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін президент 2023 жылдан бастап бала күтіміне байланысты төлемдердің мерзімі 1,5 жасқа дейін ұзаратынын мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл ата-аналарға ең маңызды кезеңде өз балаларының қасында ұзағырақ болуға мүмкіндік береді.
Талқылау
                            
                         
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
            
                    
                 
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен