1,5 млн теңге айыппұл салынды: Орал тұрғыны бес күнде 33 рет жол ережесін бұзған
Оралда 19 жастағы көлік жүргізушісіне бес күн ішінде 33 рет жол ережесін бұзғаны үшін 1,5 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: polisia.kz
БҚО полиция департаментінің мәліметінше, Suncar Smart Qorgau жүйесі жол қозғалысы кезінде бірнеше рет жылдамдықты асырған ВАЗ-2112 автокөлігін анықтаған. Көп ұзамай полицейлер жүргізушіні тоқтатты.
"Жүргізуші 19 жастағы Орал қаласының тұрғыны болып шықты. Бес күн ішінде жылдамдықты 33 рет асырған. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 1,5 миллион теңге болды. Жүргізуші айыппұл сомасының 50 пайызын төлеп, қарызды оңайлатылған тәртіппен өтеуіне болады", – делінген полиция хабарламасында.
Қазір көлік арнайы тұраққа жөнелтілді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі