Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бағасы 1,5 млн теңге": Таразда жаңа туған сәбиді сатпақ болған дәрігерлер сотталды

Таразда жаңа туған сәбиді сатқан дәрігерлерге қатысты атышулы іске нүкте қойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жамбыл облыстық ПД

Іс Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. 

Тараздағы көпсалалы аурухананың екі акушері алдын ала сөз байласу арқылы кәмелетке толмаған баланы саудалады деп айыпталған. Тергеу барысында анықталғандай, өткен жылдың қараша айында 35 жастағы әйел жүктілігінің жетінші айында түсік жасатқысы келген, осы кезде сотталушы дәрігер оны тоқтатқан. Әйел нәрестені дүниеге әкелді, бірақ бірден баланы тамақтандырудан бас тартып, медициналық мекеме қызметкерлерінен баланы алып кетуді сұрайды.

Әйелдің жағдайын отбасынан жасырғанын түсінген Б., баланы сатуға көмек сұрап Ю. есімді әріптесіне жүгінеді. Өздерінің қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін акушерлер алдын ала сөз байласып, жәбірленушіге сәбиді 1,5 миллион теңгеге сатпақ болған.

Алайда бұл іске құқық қорғау органдары араласты. Кейбір мәліметтер бойынша, прокуратура мен полиция сәбиді сатып алу-сату туралы қыздың құжаттарын өзгерту әрекеті кезінде білген. Сатып алушы баланы заңды түрде өз фамилиясына тіркеуге тырысқан. Бұл ретте барлық төлем сомасының бір миллионы биологиялық анаға берілуі керек болса, 500 мың теңгесі құжат рәсімдеуге жұмсалады деп жоспарланған. Сәбиді сатып алушы, расталмаған деректер бойынша, он жыл бойы өз бетінше балалы болуға тырысқан.

Сотталушы дәрілгерлердің кінәсі жәбірленушінің заңды өкілінің, куәлардың айғақтарымен, сараптамалық қорытындылармен және заттай дәлелдемелермен объективті түрде дәлелденді. Дәрігерлер 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау