Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"15 күнде 18 тойдан қалды": Жаңа кәсіптің ашылуына келген Қайрат Нұртасты халық басып қалды

15 тәулік қамаудан босаған әнші Қайрат Нұртас Астанадағы жаңа кәсіптің ашылуында төбе көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото ашық дереккөзден

Айта кетейік, ұшақта төбелес шығарып, 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртас шығармашылық жолын жалғастыра бермек. 

“Кеше ашылдық. Астана қаласында кәсібіміз жалғасады. Кім қалай еңбек етсе де, абыройымен болсын. Ең бастысы таза қара тер еңбегіңмен адал нанын табу барша жастарға алға қойылған мақсат болсын! Байқуатты болайық!”, – деп жазды продюсер Гүлзира Айдарбекова. 

Өнер иесінің келетінін білген халық бірден көрсетілген мекенжайға бет алды. Эстрада жұлдызын сағынған жанкүйерлері бірден қоршап алды. Ығы-жығы халықтан әнші сахнаға әрең көтерілді. 



Еске салайық, бұған дейін әншінің продюсері келеңсіз жағдайға байланысты жоспарларының күл-талқаны шыққанын айтқан еді. 

"15 күнде 18 тойын "отмена" жасағанбыз. Қаншама концерттерге билет алынған, той иелерінің біразы Қайрат бос күнге туралап қойған. Қазір ойланып отырмын да, күлейін бе, жылайын ба деп... Кейбіреулерге түсіндіру қиын ше, бәрі менің қолымда сияқты. Гүлзира апай, енді біз ше, не істейміз, той ғой, біздің тойға келсін да, сосын бара салсыншы дегендер болды. Жандарым-ау, бәрі Алланың қалауымен ғана. Қайталап айтамын, тентектік жасаған жоқ. Сыртыңыздан байқаусызда келіп құлақ шекеңізден бар күшімен бір қойса, үндемей отырасыз ба өзіңіз?! ", – деп жазды ол.

Одан кейін "Өтірік көлгірсіп, жылап сықтама" деп қамаудағы ұлына жазба арнаған Гүлзира Айдарбековаға оқырмандары ұрсып тастаған еді. 

 

Талқылау