Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

14 жастағы қызды зорламақ болған: Түркістан облысының Сарыағаш ауданында шу шықты (видео)

Түркістан облысының Сарыағаш ауданы, Жібек Жолы ауылында шу шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

14 шілдеден 15 шілдеге қараған түні ауылдағы екі үйге жүзден аса адам шабуыл жасаған. Шабуыл салдарнан кем дегенде жеті адам жараланған дейді ауыл тұрғындары. Ақпартты ауыл әкімдігі де растапды. Алайда, олардың мәліметінше шабуылдаушылар жүз емес елу адам болған.

"Жібек жолы ауылдық округінде жастар тарапынан түсінбеушілік болған. Кешке жастар арасында әлеуметтік желіде қазақ қызды зорламақшы болды деген ақпарат тараған. Содан кейін жастар дүрбелеңге түскен. Дегенімен ауыл үлкендері дер кезінде алдын алып, келеңсіз оқиға болған жоқ. Ешкім жараланбады. Қылмыстық іс қозғалды. Жалған ақпарат тарату бойынша бірнеше азамат тергеліп жатыр", – дейді Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев.

Үйіне зақым келген тұрғындар қандай да бір жауап беруден бас тартты. Жәбірленушілердің үйінің есіктері сынғанын байқауға болады. Дүрбелеңге куә болдық деген өзге тұрғындар оқиғаның қорқынышты болғанын айтады. Сөйтіп үйінен шықпаған жұрт көшеге бір сәтте жүзден астам адамның келгенін мәлімдеді. Үлкен көліктермен жеткізілген жас жігіттер темірмен ұрып өзге ер адамдардың қолын сындырып, бірінің басын жарған дейді. Сөйтіп бас-аяғы кем дегенде 7 адам жараланғанын айтады. Қала берді осы оқиғадан кейін 3 күн бойы ауылда не байланыс, не интернет болмапты.


"Ұлттық алауыздықты қоздыру": Алматыда киіз үйде жартылай жалаңаш билегендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды


"Өзім үйімнен шықпадым. 100-дей адам топалаң көтерді. Не болғанын да түсінбей қалдық. Қамсыз отырған едік. Полицейлердің де қауқары жетпей қалды", – дейді ауыл тұрғыны.

Жібек жолы ауылындағы дүрбелең 14 жастағы қызға 11-сынып оқушысы тиісті деген хабардан соң басталған. Тұрғындар гүл дүкеніне келген қызға жігіттің қырындағанын айтады. Сөйтіп қыздан телефон нөмірін сұрағанын. Ал, дау жігіт қызды зорламақшы болды деген ақпараттан соң туған. Қыздың да, жігіттің де ата-анасынан сұқбат алу мүмкін болмады. Тұрғындар сөзінше жігіттің туыстарының үйіне шабуыл жасалған. Ал жігіттің өзі қазір қамауда. Жанжалдан кейін қамауға алынғандардың тағы бірі 19 жастағы Тимур Ергешов. Олардың бәрінің үй маңында полицейлер тұр.

"Баламды құзырлы орган өкілдері жұмыс орнынан алып кеткен. Бесінші күн болды жатқанына. Әлі көрсетпейді. Кіруге болмайды дейді. Өз баламды өзіме көрсетпей жатыр бұлар. Күнде барам-келем. Ертең кел, ертең кел дейді. Не істесе де мойнымен көтерсін. Бұл жерде 30-40 бала бар. Бірақ, бір ғана менің баламды қамап тастаған. Шындық жоқ бұл жерде", – дейді Тимур Ергешовтің әкесі Еркін Андакулов.

Айта кетейік, әкімдік ауылда 17 ұлт өкілі тұратынын мәлімдеді. Олардың басым бөлігі қазақтар, өзбектер, әзірбайжандар екен. Оқиғадан соң ауылда штаб да құрылып, облыс әкімдігінің жауаптылары да келген. Қазір ауылды құқық қорғау өкілдері бақылап жүр.

Тұрғындар жәбірленген әзірбайжан ұлтының өкілдері Әзірбайжан Республикасының консулдығынан көмек сұрағанын айтады. Осыдан кейін Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылындағы 16 жастағы мектеп оқушысы "зорлау" және "қылмысқа оқталу" күдігімен ал, 19 жастағы жігіт “бұзақылық" бабымен қамауға алынды. Екеуі он күнге қамауға санкция берген.

Еске салсақ, бұған дейін Сарыағашта зорлықпен өлтірілген 5 жасар қыздың әкесі қылмыскердің үйін жермен-жексен етуді талап еткені туралы жазған едік. 

Талқылау