Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"130 мың теңге": "Меломен" тобы әншісінің бұрынғы әйелі экс күйеуінің алғаш рет алимент төлегенін көрсетті

"Меломен" тобының әншісі Ғабит Әбілдаевтың бұрынғы әйелі, блогер Нұрилла Ақберген ажырасқаннан кейін ер адамдардың балаға жауапкершілік алмайтыны жайлы сөз қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ашық дереккөз

Даулы жанжалдан кейін экс күйеуі балалардың алименті деп ақша аударған. 

“130 мың теңге. "Шок болып отырмын. Алимент па әлде коммуналдық қызметтер ме? Неге осындай резонанстан кейін ғана алимент деп салу керек?!
Бала деген ортақ қой. Әкемін деген адам балаларының жағдайын ойлап, неге өзі мән бермейді? Әкелер жауапкершілік алу үшін осындай резонанс жасауымыз керек пе? Мен оны қаламаймын. Бірнеше ай бойы орындалмаған іс насырға шауып, жарықты өшіретін болған соң ғана осылай "алимент" деп ақысын салады.  Әрине, рақмет. Осындай жауапкершілік алу үшін халықтың алдына шығып, осылай айтуым керек пе еді", – деп жазды блогер. 



Блогердің айтуынша, екі жыл бойы балаларына алимент сұрамаған көрінеді.

“Үш баламен ажырасып, екі жылдан бері бөлек тұрып жатырмын. Ажырасқаннан кейін, балаларға алимент те сұрамадым. Ол кісі тек балабақшасын ғана төлейді. Біздің ортақ келісіміміз осы болған. Одан кейін мүмкіндігінше ақшасы артық қалып жатса, беріп тұрады. Өзім еңбекке ерте араласқандықтан, қаржылай тәуелсіз болдым. Декретте отырғандықтан табыс табуды үйреніп алдым. Ақшам болғасын, алиментке басымды ауыртқым келмейді. Кейінгі кезде “алиментке өтініш беремін-ау” деген ой келіп жүр. Ауызекі келісім ештеңені шешпейді екен. Бәрі заң жүзінде болғанын қалаймын”, – деген еді Нұрилла Ақберен. 

Фото: https://www.instagram.com/nurillaakbergen/

Айта кетейік, "Меломен" тобының әншісінің бұрынғы әйелі ажырасуға нақты не себеп болғанын жайып салған еді. 

Талқылау