Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

12 жасар қызды ұшаққа мінгізбей қойған: FlyArystan әуе компаниясына үлкен көлемде айыппұл салынды

Бірнеше ай бұрын FlyArystan әуе компаниясының қызметкерлері 12 жасар қызды бортқа жібермей Астанада жалғыз қалдырып кеткен. Осы іс бойынша әкімшілік сот шешім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Depositphotos

20 шілдеде Зере және Зәуре атты егіз қызы Америкадан елге қайтқан. Олар сенімді өкілмен, бір топ баламен саяхаттаған. Қайтарда Астана арқылы транзитпен Оралға ұшуы керек болған, бірақ Зерені компания бортқа кіргізбей, тастап кеткен. Соның салдарынан егіздің сыңары Астана әуежайында жалғыз қалып қойған. Ал сенімді өкіл басқа балалармен ұшып кеткен. Әуежайдағы бейнебақылаукамераларына оның 3 сағат жылап тұрған жазбасы сақталған еді.


Жолаушылардың құқығын бұзған: Fly Arystan және SCAT әуе компанияларына айыппұл салынды


Осы оқиғадан кейін FlyArystan басшысы баланың анасымен кездесіп, кешірім сұрап, өтемақы ретінде 4 миллион теңге ұсынған. Бірақ әйел одан бас тартып, сотқа жүгінген.

26 қыркүйекте адвокат Данилхан Шағатаев сот "Эйр Астана" АҚ-на айыппұл салғанын хабарлады.

"Эйр Астана" АҚ Әкімшілік кодекстің 567-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.1000 АЕК (3 692 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Компания кәмелетке толмаған баланы әуежайда қалдырып кеткені үшін айыппұл арқалаған", – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін FlyArystan әуекомпаниясы 12 жасар қызды рейске мінгізбей, жалғыз өзін өзге қалада қалдырып кеткені туралы жазған едік. 

Талқылау