Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

12 айға дейін бөліп төлеу қарастырылған: Jýsan Bank жаңа төлем картасын іске қосты

Jýsan Bank тауарлардың құнын бөліп төлеуге арналған картаны іске қосты. Жаңа картаның көмегімен сіз кез келген дүкеннен кез келген затты комиссиясыз, артық пайызсыз сатып ала аласыз. 

Жусан

Жаңа карта кез келген заттың құнын 12 айға дейін бөліп төлеуге мүмкіндік береді!

Jýsan Bank-тің бөліп төлеуге арналған картасын еліміздегі кез келген дүкенде сауда жасау үшін қолдануға болады.

Картаның ең басты артықшылығы - құны 20 мыңнан 1 миллион теңге болатын затты үш айдан он екі айға дейін бөліп төлеу қарастырылған

"Біздің картамызды Қазақстанның және шетелдің кез келген дүкенінде қолдануға болады. Бұған қоса интернетте сауда жасау да қарастырылған. Ешқандай шектеулер жоқ, ал шет мемлекеттерде банктің серіктесін іздеу қажет емес: дүкенде POS-терминалдың болғаны жеткілікті. Тіпті, біз осыған арналған әлеуметтік желілерде жаңа #БарлығынаБөліптөлеу! хэштегін іске қостық. Осы хэштег бойынша қосымша ақпарат алуға болады", - дейді Jýsan Bank-тің басқарма төрағасы Айбек Қайып. 

Өзіңізге ыңғайлы төлеу мерзімін құрастырыңыз!

Жаңа картаға 21-63 жас аралығындағы кез келген қазақстандық тапсырыс бере алады. Бөліп төлеу мүмкіндігіне қол жеткізу тегін. Әрбір сатып алынған тауарға өзіңізге ыңғайлы төлеу мерзімін таңдауға, яғни үш айдан он екі айға дейін бөліп төлеуге мүмкіндік беріледі. 

Картаны жасату және оған тапсырыс беру де ақысыз түрде жүзеге асырылады.  

Жаңа картаны үйіңізге тегін алдыртыңыз!

Картаны жасату өте оңай: ол үшін сіз Jýsan мобильді қосымшасын жүктеп, тіркелсеңіз болғаны. Өзіңізге сай келетін қаржы лимитін таңдап, оны үйіңізге, жұмысыңызға  тапсырыспен алдыртып, не болмаса банк бөлімшесінен өзіңіз алып кетсеңіз болады. 

Тағы басқа сұрақтарыңыз бар ма? Онда толық ақпаратты мына сілтеме арқылы өтіп оқи аласыздар.

Талқылау