Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 11-сынып оқушысы медициналық академия профессорын өлтірді деген күдікке ілінді

15 мамырда Шымкенттегі Айдын көшесінде Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының профессоры Б.У-ды ұрып-соққаны туралы ақпарат түсіп, кейін ол ауруханаға жеткізілген. Денсаулыққа зиян келтірді деген күдікке жергілікті мектептердің бірінің 11-сынып оқушысы ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының баспасөз қызметі

Мәліметтерге сүйенсек, 5 күннен кейін профессор ауруханада көз жұмды.

Полиция қызметкерлері өлімге әкеп соқтырған дене жарақатын келтірді деген күдікпен 17 жастағы 11-сынып оқушысын ұстады. Тергеушілердің айтуынша, мұғалім мен оның арасында жанжал болған. Артынша жас жігіт ата-анасының қамқорлығына берілді.

Іс Қылмыстық кодекстің 107-бабы 1-бөлігінен (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) 106-бабы, 3-бөлігіне (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) ауыстырылды.

Жігіт 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



Еске салайық, бұған дейін Семейде жігіт сүйіктісін көлікпен басып кеткенін жаздық. Қайғылы оқиғадан кейін 33 жастағы Диана Сүлейменова комаға түсіп, артынша көз жұмды. Құқық қорғаушылар жариялаған сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, оның өлімі ашық бассүйек-ми жарақатының салдарынан болған. Қыздың денесінен тоғыз гематома анықталды, олардың кейбіреулері үш апта бұрын жасалған. Үш апталық гематомалардың қайталанған жарақаттан туындағаны белгілі болды. Бұл тұжырым Диананың жүйелі түрде соққыға жығылғанын көрсетеді.

Талқылау