Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

105 жастағы маңғыстаулық тұрғын ұзақ жасаудың қарапайым әдісін атады

Маңғыстау облысының 105 жастағы тұрғыны Қанзия Сахауова бір ғасырдан астам өмір сүрудің қарапайым әдісін атады. Ол алаңдамауға және бос уақытын жұмысқа арнауға тырысады. Қартайғанына қарамастан, кейуана немерелері мен шөберелерінің аттарын шатастырмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

Канзия Сахауова қаңтар айында 105 жылдығын атап өткен. Ол қанша жаста болса да, әйелдер әрқашан сырт келбетін қадағалап отыруы керек деп санайды. Ұлттық зергерлік бұйымдар, күміс сақиналар, сырғалар мен шашбаулар – оның сүйікті әшекейлері. 

“Ұзақ өмір сүрудің сыры – еңбекте және басқа адамдарға ризашылық білдіруде. Мен әр күнімді күлімсіреп қарсы алуға тырысамын. Содан соң сырт келбетіңізді қадағалаңыз. Әйел 105 жасында да әдемі болуы керек!” – деді Қанзия әже.
Қанзия Сахауованың күйеуі майданда қаза тапқан, жастайынан екі баламен жесір қалған. Түрлі қиындықтарға мойымаған ана көптеген адамға үлгі бола жүріп колхозда еңбек етіп, депутат та болған. Тіпті 100 жасқа келген соң да бос отырмай, жарты ғасырлық тігін машинасымен түрлі дүниелер тігіп, ермегіне айналдырған.

“Ол бізге ұзақ өмір сүрудің құпиясын жастық шақтың, соғыс жылдарында тынымсыз жұмыс істегенімен түсіндіреді. “Қазір жастар жалқау, сондықтан ауырады. Ал мен тіпті ауырып қалсам да, шай ішіп, шұбат ішіп, жер жыртуға жүгірдім”, – дейді кейуана. “Біз әжемізді мақтан тұтамыз және оны бәріміз жақсы көреміз. Одан кеңес сұраймыз. Бүгінгі таңда адамдар 105 жасында оның ақыл-ойы әлсіздеу болады деп ойлайды. Олай емес, әжеміз біздің балалық шағымызды да ұмытпаған”, – дейді Ақтау қаласының тұрғыны Сәуле Әлиева.

Жақында ғана денсаулық жағдайына байланысты Қанзия Сахауова Маңғыстау ауданынан Ақтауға көшіп келді. 
 

 

 
 

 

Талқылау