100 жыл бұрын көмілген: Петропавлдағы стадионнан адам сүйектері табылды
Петропавлдағы “Қарасай” стадионын жөндеу кезінде адам сүйектері табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полиция дерегіне сүйенсек, 102 жедел арнасына стадионнан адам сүйектері табылғаны жөнінде хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел жеткен құзырлы орган анықтауға кірісті.
“14 маусым сағат 9:59 шамасында Петропавл қаласы ПБ-ның "Қарасай" стадионын қайта құру кезінде адам сүйектерінің қалдықтары табылғандығы туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті”, - делінген полиция ақпаратында.
Кейіннен анық болғандай сүйек қалдықтары 100 жыл бұрын осы аумақта болған зиратқа тиесілі болып шықты.
Бұл факт Петропавл қаласы ПБ-ның екінші бөлімінің ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген.
Көкжайлаудағы QR-код жұртты шулатты: Аумаққа кіру ақылы болып кетті ме
Ақы төлемегендерге 21 625 теңге айыппұл салынады
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген