100 жасқа келген қария ұзақ жасауының сырын сабырлы мінезімен байланыстырды
100 жасқа толған Ұлыбритания тұрғыны ұзақ жасауының құпиясымен бөлісті. Айтуынша, көңіл-күйдің тыныштығы оның ғасыр жасауына себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Luton Today-ге сілтеме жасап.

"Бұл өте ауыр бірақ керемет жұмыс еді", - деп еске алады қария.
Соғыстан кейін Пирсон үй тазалаушы болып қызмет атқарып, қызын тәрбиелеген. Айтуынша, ұзақ жасауының сыры позитивті психологиялық қалыпты сақтай алуында.
"Мен ештеңеге алаңдамаймын. Әрі қарай өмір сүруді жалғастырып, жиірек күлімсіреу керек", — дейді қария.
Пирсон жас кезінен музыка мен биді ұнатады. Жыл өткен сайын әжейдің талғамы өзгереді, алайда ол ұзақ уақыттан бері шведтік ABBA тобының фанаты болып табылады.
Жуырда мерейтойын атап өткен Пирсонның қуанышына ортақтасуға қызы мен екі немересі, сондай-ақ, достары келді.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды