100 отырып-тұру жасатқан: Оқушы мұғалімнің жазасынан кейін көз жұмды

Фото: ndtv.com
Үндістанның Махараштра штатында 12 жастағы мектеп оқушысы мұғалімнің жазасынан кейін көз жұмды. Ол сабаққа 10 минут кешіккені үшін 100 отырып-тұру жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NDTV басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы оқиға 14 қарашада, Үндістанда Балаларды қорғау күні атап өтілетін күні болған. Бұл күні мектептерде оқушыларға ерекше қамқорлық таныту дәстүрге айналған.
Алтыншы сынып оқушысы Каджал Гонд жазаны орындағаннан кейін-ақ беліне қатты ауырсыну кіргенін айтқан. Қыз үйіне қайтып келген соң жағдайы күрт нашарлай бастаған. Оны алдымен жергілікті ауруханаға, кейін Мумбайдағы арнайы клиникаға жеткізгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Каджалдың отбасының айтуынша, ол жаттығуды орындап жатқан кезде арқасында ауыр мектеп сөмкесі болған, бұл ауырсынуды одан сайын күшейткен.
Оқиға ата-аналар мен жергілікті тұрғындардың ашу-ызасын тудырды. Белсенділер кінәлілерге қатысты қылмыстық іс қозғауды талап етті.
Талқылау
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып