Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"100 мың теңгеге сатып алып едім": Мақпал Жүнісова өзі әкелген ықылас гүлінің сахнаға шықпағанына ренжіді

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова Алматы қаласына гастролдік сапармен келген қызылордалықтардың концертіне барып, өкпелеп қайтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal/

Өнер иесінің айтуынша, қызылордалық өнерпаздарға әкелген ықылас гүлін сахнаға шығармай қойған. 

“Қызылордалықтар, концерттеріңіз керемет өтті. Тойға асығып кетіп қалдық. Сіздерге әкелген ықылас гүлі сахнаға шықпай қалды. Соған кішкене өкпелеп қалдым. Әкімнің гүлін ғана сахнаға жіберіп, менікін бермей алып қалыпты. Естіп жатырмыз. Режиссердің шешімі екен. Мені құр қол келді деп ойлап қалмаңыздар! Бауыржан – куәгер. Екеуміз барып, 100 мың теңгеге сатып алып едік”, – деп жазды халық әртісі. 



Желі қолданушылары әншінің ақжарма ниетіне ризашылықтарын білдіріп жатыр. 

“Мақпал апай, гүліңізді көрдік. Бірақ сахнаға шықпады”, “Мақпал апай, ерінбесеңіз сол гүлді алған жеріңізге қайтып барып көріңізші. Алған гүліңізді 80 мыңға қайта апарып өткізіп жіберді”, “Қызғанған адам сияқты ұят тірлік жасапты”, “Тіл көзден аман бол!”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, өнер иесі қызылордалықтардың жасаған сыйлықтарын көрсеткен еді.

Талқылау