Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бюджеттен 645 мың теңге бөлінген: Алматыда қызметтен қуылған сарбаз оқуының ақшасын қайтаруға міндеттелді

Алматығы қорғаныс министрлігіне тиесілі оқу орнында мемлекет есебінен оқыған әскери қызметкер өз оқуына кеткен ақшаны мемлекетке қайтаруға тиіс. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Қорғаныс министрлігі

Алматы гарнизонының әскери сотында қорғаныс министрлігінің "Алматы облысының қорғаныс істері департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің есебінен К.-ны оқытуға кеткен 645 534 теңге бюджет қаражатын мемлекетке қайтару туралы арызы қаралды. Айыпталушы К. 2019-2021 жылдар аралығында құрлық әскерлерінің әскери институтында оқыған.


"Көлік езгенге ұқсамайды": Аягөздегі әскери бөлімшеде қаза болған сарбаздың жақындары мәселені анықтауды сұрайды


“Келісімшартқа сәйкес К. әскери оқу орнында белгіленген оқу мерзімін және офицерлік құрамдағы оқу орнын бітіргеннен кейін он жыл әскери қызмет өтілін қамтитын мерзімге әскери қызмет өткеруге тиіс еді. Алайда әскери институт бастығының 2021 жылғы 19 тамыздағы бұйрығына сәйкес К. теріс себептермен жұмыстан босатылып, осыған байланысты бұрын жасалған келісімшарт бұзылған. Келісімшарт талаптарының бұзылуына байланысты арызданушы соттан оқуға жұмсалған ақшаны өндіру туралы арызбен сотқа жүгінген”, – делінген сот хабарламасында. 

Сот айыпталушы К.-дан мемлекет пайдасына бюджет қаражатын өндіру туралы шешім шығарды. 

Еске салсақ, бұған дейін қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметкерлерге қатысты мәлімдеме жасаған еді. 

Талқылау