"10 жыл сәби күткен": Дариға Бадықова бейтаныс келіншекке тосынсый жасады
Белгілі продюсер, актриса Дариға Бадықова бейтаныс келіншекті қуантты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Өнер иесі көп жыл сәби күткен отбасының гендер-party-ын жасап берді.
“10 жыл перзент күткен Перизат ханымға гендер пати өткізіп бердім. Баршаңызға осындай керемет жаңалық жұғысты болсын!”, – деп жазды актриса.
-
"Баламыздың алдын кесіп сөйлемейік": Дариға Бадықова көпшілікке ескерту жасады
-
"Екі аяғым екі жаққа кетіп құладым": Дариға Бадықова Түркияда оқыс оқиғаға тап болды
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, актрисаның идеясын қолдап жатыр.
“Біз төрт жылдан бері күтіп жүрміз”, “Әсерлі сәт болған екен”, “Ұл бала дүниеге келеді”, “Киноларыңыз да сәби аңсаған отбасыға жігер береді”, “Мен де қосылып жылап отырмын”, “Әйелі қуаныштан көзінен жас шықпай қалды”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Дариға Бадықова миллиард касса жинаған фильмін кімге арнағанын жариялады.