Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"10 жыл бірге шаш өсірдік": Нұрлан Амиров әріптесі Ұлықпан Жолдасовты туған күнімен құттықтады

Танымал “Нұрлан мен Мұрат” тобының әншісі Нұрлан Амиров сазгер Ұлықпан Жолдасовты туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/amirov__nurlan/

Өнер иесі бозбала күнінен сыр шертіп, жастық шағын есіне алды. 

“Мен, Ұлықпан, Марат. Үш құрдас, үш дос. Ол кезде “бэнд” деген атау жоқ. Баяғы ансамбльде өнер көрсетіп жүрген едік. Гастрольмен қала, аудан, ауылдарды араладық. 17 жасар кезімізде таныстық. Мен – Атыраудан, Марат – Ақтөбеден, Ұлықпан – Ақтаудан. Үшеуміздің тоғысқан жеріміз – Маңғыстау өңірі. Ол жерде 10 жылдан аса уақыт жұмыс істедік. Қызықтың көкесі де сол жерде болды”, – деп әңгіменің шетін шығарды. 



Өнер иесінің сөзінше, үш дос бәстесіп, жаман дүниелерден аулақ болған. 

“Бір күні үшеуміз бәстестік. Шашымызды өсіреміз, темекі тартпаймыз, ішімдікке жоламаймыз деп уәде бердік. Ол кезде біріміз асабалықта, екіншісі әнші мен музыкант едік. Оңай болған жоқ. Шашты өсіруді айтсайшы. Ұлықпан мен Мараттың шаштары тіке өскеннен кейін олар қатты қиналған жоқ.
Менікі бұйра шаш, бойым 2 метр басым деген дудар-дудар, ұйысып қалады. Аптасына бір рет таралса жақсы. Қайта ол кездегі сондай шаш үлгісі сәнде еді. Әйтеуір сөзімізде тұрып 10 жыл шашымызды өсіріп, жаман әдеттерден аулақ жүрдік. Биыл достығымызға 42 жыл толды”, – деп жазды Нұрлан Амиров. 
 

Талқылау