10 жасар қыз ыдыс жууды талап еткені үшін әпкесін пышақтап өлтірді
Ресейдің Подольск қаласында әпкелі-сіңлі жанжалдасып, оқиғаның соңы өлімге әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Freepik.com
Ресейге жұмыс істеуге келген мигрант отбасындағы қыздар жуылмаған ыдыс үшін жанжалдасқан.
10 жастағы Наргиза мен 13 жастағы Анора (аты-жөні өзгертілді) үйде жалғыз қалған. Олардың ата-анасы жұмыста болған.
Қыздар үй жинау үшін ұрысқан. Үлкені тәрелкелерді, ас құралдары мен шыныларды жуу кішінің міндеті екенін айтып,моральдық қысым көрсете бастады. Кіші қыз оған шыдай алмай, асхана пышағын алып, әпкесіне шабуыл жасады.
Содан соң қыз жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер қызды аман алып қалуға тырысты, бірақ ол көп қан жоғалтып, мерт болды.
Еске салсақ, бұған дейін 13 жасар оқушы қыз екі сіңлісін аяусыз өлтірген еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар