Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"10 сағатта 20 миллион жиналды": Фариза Төреәлі күзетші әйелге баспана сыйлады

Танымал блогер, кәсіпкер Фариза Төреәлі жалғызбасты анаға Астана қаласынан пәтер сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/

Блогердің  айтуынша, өздері тұрып жатқан тұрғын үйде күзетші болып істейтін әйелге баспана сыйлауды ұйғарған. 

“Алла қалауымен оқырмандармен бірге Назира ханымға үй сыйладық! Ешқашан өзінің баспанасы болмаған екен, 60 жасқа толған шағында Алла бұйыртып тұр. 
Барлығы расында аяқ-асты болып кетті. Рамазан айында бір күнімізді сыртқа шығып мұқтаж жандарға көмек берейік деген ой болды. Дархан бірден біздің үйдегі күзет болып жұмыс жасайтын Назира ханымды есіне түсірді. Алла ойына салды ғой. Алдыңғы рилста көргендеріңіздей көмек бердік ақшалай. Содан кейін оқырмандарым осы кісіге үй алуға ақша жинайықшы деп ұсыныс білдірді. Міне, 10 сағат ішінде 20 млн жиналып бірден бүгін үй алып табыстадық. Тым болмаса екі күнде он миллион жиналса екен деп ойлап едік, Алланың құдыретін қараңыздаршы. Бұл кісі әлі сене алмай жүр, “өз үйім ешқашан болмаған, бұл түсім бе” деп қояды. Бір отбасыға қандай қуаныш сыйладық, оқырмандар. Алла қабыл етсін! Әлемде жақсы адамдар көп!”, – деп жазды блогер. 



Баспана кілтін алып тұрған астаналық тұрғын көз жасына ерік беріп, арманының орындалғанын айтты. 

“Шымкентте тұрғанда үй кезегіне тіркелдім. Одан кейін Астанаға жұмыс іздеп көшкенде, кезектен шығарып тастапты. Қатты ашуыма тиді. 18 жылдан бері күзетші болып істеймін. Айлығы – 150 мың теңге. Пәтерақы – 90 мың теңге. Қыста одан да көп төлеймін. Қазір үйді тарақан басып кетті. Құдайдан жатсам да, тұрсам да баспаналы болуды тілейтін едім”, – деп жан сырын ақтарды жалғызбасты ана. 

Еске салайық, блогердің ер адамды қорлау туралы жазбасы сынға қалғанын жазған едік. 

Бұған дейін, Фариза Төреәлі ер мен әйелдің қарым-қатынасын нығайтатын ақыл айтты. 

 

Талқылау