Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Зәбір көрсетейін деп тұрсыңдар": Далада тұратын қарт кісі жаңа үйге көшуден бас тартты

“Харекет” қайырымдылық қоры үйшік секілді үйде тұрып жатқан қарт кісіге баспана сыйлады. Алайда әжей жаңа үйге көшуден бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 Фото: видеодан скриншот

Есік-терезесі дұрыс жабылмайтын, іші суық шатырда тұрып жатқан Бибайша әже жаңа баспанаға көшпейтінін айтты. 

“Көбі кетіп азы қалды. 27 күннен кейін қыс бітеді. Осы жерде тұра беремін. Күн жылынғасын кішкене жөндеу жұмыстарын жүргіземін. Өз үйім өте ыңғайлы. Қыста ғана қиындау еді. Аяғым жаурап, тоңып шығатынбыз. Енді күн жылиды. Қазір суқұйғыш дәуірі. Өздерің түсінесіңдер. 3 цифры – жолы болғыш адамдардың саны. Маған ешқандай жылы киім де, үй де керек емес. Сендер маған зәбір көрсетейін деп тұрсыңдар, ұрғызайын деп тұрсыңдар. Қойсаңдаршы, кетіңдерші. Ертең де бармаймын. Мына жерді мен өзім салғанмын. Алешке бере бер. Сол барып тұрсын", –  деп ашуланды ол. 



Баспана табыстаушы, белгілі өнер иесі, актер Мадияр Серікбаев әжейдің жағдайын түсініп, қорқып тұрғанын айтты. 

“Апамыз қорқып қалған. Бізге дейін адамдар келіп, көмектесеміз деп алдап кетсе керек. Нақты себебін білмейміз. Бірақ ағамызды алып шығамыз. Сол кісіге кілтті табыстаймыз. Әріқарай жұбайын өзі көндірер”, – деді қордың ресми өкілі. 

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі қолдап жатса, енді бірі мұндай адамдарға үй беруге болмайтынын алдыға тартты.

“Үй бергеннен гөрі оңалту орталығына жатқызу керек”, “Шын мұқтаж жандарға берейікші”, “Қырсық мінезі бар сияқты”, “Лас жерде өмір сүрген соң, бойында жын бар-ау. Жерін алып қояды деген қорқынышы да бар сияқты. Бұған дейін біреулер қорқытып кеткен де болуы мүмкін” деп жазып жатыр оқырман қауым. 

 

Талқылау