Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаза болғандар саны 20-ға жетті: АҚШ-та белгісіз біреулер сауда орталығындағы адамдарға оқ жаудырды

АҚШ-та белгісіз біреулер Техас штатының батысындағы Эль-Пасо қаласының Walmart сауда орталығына келушілерге оқ жаудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

техас

Оқиға орнын қоршап алған полиция қызметкерлері көп ұзамай үш адамды қолға түсірді, деп хабарлайды CNN телеарнасы.  

FOX 5 DC телеарнасының мәліметтеріне сәйкес, Эль-Пасодағ атыс салдарынан зардап шеккендердің саны 20 адамнан кем емес. Алайда дәл осы жағдайға байланысты әртүрлі деректер бар. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, қаза болғандар саны 20 адамға  жеткен. Бұдан бөлек, 24 адам оның ішінде екеуі бала, емханада ауыр жағдайда жатыр.

Кейіннен белгілі болғандай, 21 жасар Патрик Крузиос Техастың батысындағы Walmart сауда орталығында атыс ұйымдастырмас бұрын, өзінің Twitter-дегі парақшасында манифест жариялаған. Онда ол,  Жаңа Зеландия мешітінде болған ланкестік әреткетті қолдайтынын жеткізген. 

Бірнеше бетті қамтитын манифесте ол өз іс-әрекеттерімен өз елін шетелдік "шапқыншылықтан" қорғаймын деп мәлімдеген. Ол сондай-ақ АҚШ мәдениеті мен экономикасы зардап шегеді деп санайды. 

Айта кетсек, наурыз айының ортасында Крайстчерчтің (Оңтүстік арал, Жаңа Зеландия) екі мешіттерінде атыс болып, салдарынан 50 адам қаза тауып, тағы 50 адам зардап шеккен еді.

Жаңа Зеландияның премьер министрі Джасинда Ардерн орын алған оқиғаны лаңкестік әрекет деп таныған болатын. 

Талқылау