Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1 тамызда балаларды мектепке қабылдауға құжат тапсыру аяқталады - Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігі болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына жүгінді. Сегіз күннен кейін бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау аяқталатынын еске салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

соңғы қоңырау

Оқу-ағарту министрлігі орта білім комитетінің ақпараты бойынша, 1 тамызда бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау аяқталады.

Балаларды мектепке қабылдау қызметі автоматтандырылған және веб-портал арқылы жүзеге асырылады.

"1-сыныпқа балалар алты жастан бастап ата-анасының не білім алушының заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат, 065/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат, көлемі 3х4 екі дана фотосурет керек".

Қазақстанда бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталды. Төрт айда 350 453 өтініш түсті. Бірінші сыныпқа қабылданған балалардың 71,2%-ы қазақ тілінде оқытатын мектептерді таңдады.

Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 410 мыңнан астам бала барады деп жоспарлануда.

Талқылау