Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қызып кетсе, экраны атылып кетеді": Алматылық ата-аналар балаларға сатып алынған планшет сапасына наразы

Алматы қаласында оқуға қажетті техникалық құралдармен қамтылмаған отбасыларға планшеттер таратылып берілді. Алайда ата-аналар балаларының оқуына деп алынған тауарлардың тез бұзылып қалып жатқанын айтып, шағымдануда. 60 000 теңгеге сатып алынған Youve TK- E10GCM маркалы 22 500 дана планшеттің сапасыздығы желіде дау тудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласында 60 шақты ата-ана балаларына оқуға қажетті деп сатып алынған планшеттердің сапасыздығын айтып шағымданды.

Бұл тауарларды алуға мемлекеттік бюджеттен 1 млрд теңгеден аса қаражат тендерге бөлінген. Алайда қазір осы тапсырысты кім қабылдағаны белгісіз болып отыр.

"Қуаттауға тоққа қойдық, қызып кетті де, сынып қалды. Біздің еліміздегі білім беру, қауіпсізідк, денсаулық осылай бағаланады", - деп жазды желі қолданушысы Мира Төлеби өзінің парақшасында. 

Алматы қаласының білім беру басқармасында бұл планшеттердің 1 гб жадысы бар екенді, одан бөлек қатты дискінде 16 гб ауқымы бар екендігі жазылған. Бұл ұсыныстар министірліктің тарапынан берілген, дейді басқарма. 

"Samsung маркалы планшеттер диагоналі 8 дюйм, ал министірліктің талабы бойынша 10 дюймнан кем емес планшеттер алынуы тиіс еді. Сондықтан 8 дюймдық планшеттерді 10 дюймдықтардың бағасымен салыстыру қисынсыз, себебі экран диагоналі кеңейген сайын  планшет бағасы да жоғарылай береді. Бұзылған планшеттер анықталған жағдайда басқарма мектепке бару керек", - делінді Алматы қаласы білім басқармасының жауабында.


Қазақстанда ата-аналар балаларына қашықтан оқыту үшін берілген техниканы сата бастады


Депутаттар мен биліктегілер тарапынан осы мәселеге қатысты ешқандай ресми жауап  болмағандығы көңілге күдік ұялатады, дейді желі қолданушылары. 

Белгілі болғандай, аудан әкімі жаңа ноутбуктер келетінін жеткізген. Мұны "Бақытты отбасы Алатау"  орталығының жетекшісі Ақмарал Басирова парақшасында жазды:

"Кеше кешкісін аудан әкімімен әңгімелестім, ол бірнеше күннен кейін біздің ауданға жаңа ноутбуктер (планшеттер емес) келеді деп уәде берді)
1200 дана. (Тауарларды қабылдау кезінде өзім толықтай қатысамын). Планшеттерге көңілі толмағандар - бұл 90% адам ноутбуктерді ала алады.

Бүгін біздің "Бақытты отбасы Алатау" орталығының әлеуметтік қызметкерлері  600 анамен байланысқа шықты", - деп хабарлады Ақмарал Басирова.

горобарзования

Бір қызығы, аталған маркалы планшет alibaba.com сайтында 16 171 тг сатылымда бар екен.

 

Талқылау