"1 данасын 25 мыңға сатып алды": Меруерт Түсіпбаева желідегі тренд қуатындарды сынады
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева желіде тренд қуып, ақша жұмсайтын оқырмандарын сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/meruert_tusupbaeva/
Өнер иесі хит болып жатқан дубай шоколады мен жапон жүзімін жеп көрмегенін айтты.
“Достар, дубай шоколадының дәмін татпадым. Түрінен-ақ шошимын. Одан кейін калориясы көп екен. Бір танысым 25 мың теңгеге бір данасын сатып алыпты. Онысын видеоға түсіріп, жеп отыр. Одан да Қазақстан шоколадының 35 данасын сатып алушы едім. Жапон жүзімінің түрі-ақ ұнамаған еді. Осыларды жемесем де, көштен қалдым демеймін. Шүкір, тірімін ең бастысы. Осы біз еліктеуді қашан қоямыз екен?! Анау солай жасады, мен де қалмайын деп бәсекелесуге құмармыз. Трендтен қалғандар өзіміз отырып шай ішейік”, – деп әзілдеді әнші.
Еске салсақ, бұған дейін желіде дубай шоколады трендке айналып, әлем бойынша минутына 100 данасы сатылған еді.
Одан кейін жапон жүзімінің бағасы 6 мыңнан бастап, 11 мың теңгенің арасында сатылып жатқан еді. Ал трендке айналмай тұрғанда келісі небәрі 2500 теңге ғана болған екен.