"1 айда 4 үй ауыстырған": Жахан Отарғалиев баспанасыз отырған 10 балалы отбасыны көрсетті
Танымал әзілкеш, актер Жахан Отарғалиев 10 баласы бар әйелге баспана алып беру үшін халықты көмектесуге шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан кадр
“Алтын алқа” иегері Атырау өңірінің тумасы екен.
“Менің бала аңсап жүргеніме 15 жыл болады екен. Мына кісілерде 10 бала бар. Әркімнің сынағы әртүрлі. 10 баласы бар отбасы бір баспанаға зәру. Атырауға келу себебімнің бірі осы еді. Көп балалы отбасының баспаналы болуына сіз бен біз болып, атсалысайық! Үлкен қызы Ақжарқын оқу ақысын төлей алмаған соң оқудан шығып қалыпты. Егер оқу ақысын төлесе, оқуға қайта қабылданады екен. Сол үшін бір жылдық оқу ақысын өзім мойныма алдым. Біздің болашағымыз білімді жастар ғой. Бәрі жақсы болады”, – деп жазды өнер иесі.
-
"Зәбір көрсетейін деп тұрсыңдар": Далада тұратын қарт кісі жаңа үйге көшуден бас тартты
-
"10 сағатта 20 миллион жиналды": Фариза Төреәлі күзетші әйелге баспана сыйлады
10 баласы бар келіншек өмірінің бір күні қалай өтетінін де айтып берді.
“Басқаға бай болмасам да, балаға баймын. Жолдасымның ақшасы тек тамаққа кетеді. Жаңа киім де алып бермеймін. Бірінікін бірі киіп, өсіп жатыр. Бірақ баспанамыздың болмауы жанға батады. Бір айда 4 үй алмастырдық. Көп балаға ешкім үйін бергісі келмейді. Өте қиын жағдайдамыз”, – деп жылады батыр ана.