Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"1 ай бұрын сездім": Айжан Байзақова көріпкелдік қасиетінің құпиясын бөлісті

Атышулы блогер Айжан Байзақова болашақты болжайтын қасиетін айтып таңғалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bayzakova/

Блогердің айтуынша, оның ерекше қасиетіне отбасы мүшелері сенбейтін көрінеді. 

“Менің айтқан әр сөзім орындалып жатады. Сол үшін отбасымнан ұрыс естимін. Мына видеоны 24 желтоқсан күні салдым. Бұл жерде жатар алдында үнемі отбасымды төтенше жағдайдан құтқару жоспарын құратынымды айтып жатырмын. Осыдан кейін келесі айда Алматыда жер сілкінді. Бұл әрине "апокалипси" емес. Бірақ менің ойлағанымдай жағдай болды деп айта аламын. Менің айтқаным келген жағдай өте көп болған. Бәрі аяқ астынан орындалып кетеді. Мен сөйлей бастасам анам "Айжан, сен сөйлемеші" деп шығады.Үйімізде көмекшіміз бар еді. Соған әзілдеп, "ертең келмеймін демеші, сен бізге керексің" дегенімде шынымен ауырып, келе алмай қалған", – дейді Айжан. 

  Фото: Айжан Байзақованың Stories-і

Сондай-ақ блогер Астана қаласындағы тыныс-тіршілігінің қалай болып жатқанын баяндап берді.

“Әзірге пәтер жалдап тұрып жатырмыз. Күнім үй жинаудан басталады. Бірақ мен үй тірлігін істегенді жақсы көрмеймін. Үй жұмыстарын істейтін көмекшім Алматыда қалды. Інім Алиханнан гөрі, көмекшімді қатты сағындым. Астананың суығына үйреніп жатырмыз. Күйеуім осы қалада оқыған. Маған қарағанда дос-танысы көп. Тіпті менсіз жоспар құрып отырады. Арамыз алшақтап бара жатқан сияқты. Алматыда екеуміз қол ұстасып жүретін едік”, – деп жазды блогер. 

Еске салайық, атышулы блогер Айжан Байзақованың қоныс аударып, оқырманынан көмек сұрағанын жазған едік. 

Талқылау